Отандық әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ұлы Асылжанның өзі туралы айтқан әңгімесін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айгүл Иманбаева бір сұхбатында ұлы Асылжанның кішкентай кезінде әкесінің үйіне барғысы келмейтінін, сол кезде Сәбит Әбдіхалықовтың екінші әйелі Алтынай Жорабаеваның жақтырмайтындай кейіп танытқанын айтқан болатын.
Алтынай Жорабаева бұл туралы айтуға құлық танытпаса да, сұхбат әлеуметтік желіге тарап кеткен соң көпшілікке мұның мүлде шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
“Өткенмен өмір сүру қаншалықты дұрыс деп ойлайсыз? Өткенді езе бергеннен жан тыныштық таба ма? Айналаңа қарап, шүкір етуден тұрмай ма, бұл өмірдің рахаты?! Айгүл Иманбаеваның сұқбатын маған жібере берген соң , осы жерге жазуды жөн көрдім . Себебі, көбі сол сөзге сеніп отыр.
Мына нәрсені түсінбеймін… Егер Айгүлдің, ұлы Асылжанның реніші болса, неге оны Сәбит, Айгүл, Асылжан үшеуі отырып әңгімелесіп шешпейді? Міндетті түрде фильм түсіру керек пе? Мақсат не? Әлде, осылай хайп жасау арқылы қаралым жинаймыз деп ойлады ма екен?”, – деп жазды Алтынай Жорабаева.
Өнер иесі керісінше ұлы мен әкесінің байланысын үзбеуін өзі қалап, тіпті жақын араласып тұрсын деп ұсыныс жасағанын айтты.
“Бір коцертте Айгүлдің: “Кел, Жорабаева, бірге фото салып қояйық, жұртқа азық болсын” дегенде таңғалғанмын. Айгүл Иманбаеваның: “ Алтынай тәте жақтырмайды, деп жылап келетін” деген әңгіме басқаша болған. Осы нәрсені маған Айгүл айтқанда, таңғалып: “Мүмкін емес, керісінше, Асылжан мен әкесі аралассын деп мен айтып едім ғой. Сендер екі жақтан қарсы болдыңдар, ашуға салынып” дедім. “Мен анамын ғой, олай болуы мүмкін емес” дегенде, Айгүл маған Асылжан әкесін қызғанатынын айтқан болатын. Кейін мен Асылжанның өзіне айттым: “Асёка мен сені жақтырмайтын мінез көрсеттім бе?” дегенде: “Жоқ, оны қайдан естідіңіз? Мен ондай нәрсе айтпадым” деді. Сонда кім өтірік айтып отыр?”, – делінген жазбада.
Әншінің айтуынша, бұрынғы күйеуі мен Айгүл Иманбаева туралы ел білмейтін жаға ұстатар әіңгмелер көп.
“Негізі, Сәбит, Айгүл туралы айтатын болсам, сорақы әңгімелер көп қой. Оны елге жариялап керегі қанша? Өткен іс өтті. Өткенді езгеннен ештеңе шықпайды. Солай болу керек, хайырлысы деп қабылдаймын… Өмір тамаша ғой”, – дейді өнер иесі.
Бұған дейін Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуі және Алтынай Жорабаева туралы айтқан болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!