Жұма, 21 ақпан, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

«Сотталған шенеунік ет асып жеп отыр»: Ринат Зайытов түрмедегі сорақылықты сөз етті

19.02.2025

208 0

Фото: Мәжіліс

ҚР Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов оқшаулау мекемелеріндегі заңсыздықтар жөнінде әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Депутаттың айтуынша, түзету мекемелерінде заңсыздық жетерлік.

«Әртүрлі оқшаулау мекемелерінде болдым. Түрлі жағдайлармен, танысу мақсатында да. Кейбір оқшаулау мекемелерінде арнайы камераларды өздеріне ыңғайлы етіп жасап алып, 1-2 бөлмелі үй сияқты қылып, тұрып жатқан адамдар да бар. Сотталған шенеунік ет асып, ет жеп отырғанын да көрдік. Бұл біздің түзету мекемелеріндегі бассыздықтың айқын көрінісі. Үстемдікті түзету басшылары кімге бергісі келеді, соған береді. Біреуге үстемдік береді, ал керісінше осыны ашық айтамын деген адамдарды қинайды, азаптайды. Біз оқшаулау мекемелерін тазалауымыз керек», — деді Ринат Зайытов Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: