Жұма, 22 тамыз, 17:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Сотталғандар арасында психологиялық тренинг өтті

22.08.2025

42 0

Еңсені езетін күйзелістен арылып, ішкі күш пен жігерді шыңдауға психологиялық тренингтің пайдасы тиеді. Осы бағытта ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтар арасында өз-өзін түсіну және коммуникацияны дамытуды қамтыған тренинг өтті.

Мекеме психологы Аружан Омардың айтуынша, тренингтің теориялық тұрғыда шектелмей, практикалық жаттығуларға негізделгені әлдеқайда маңызды. Өйткені, адамның эмоционалдық күйін реттеп, ішкі қорқынышын жеңуге ықпал ететін тиімді тәсіл. Қоғамға қайта бейімделіп, өмірге сеніммен қарауға да септігін тигізеді екен.

Психологиялық тренинг барысында сотталған азаматтар психолог көрсеткен бірнеше суретті есте сақтап, оны қағаз бетіне түсірді. Осы арқылы шығармашылық мүмкіндігін аңғарып, есте сақтау қабілетінің деңгейі анықталды.

Кейін “ыстық картоп” ойынына да кезек берілді. Шеңбер бойымен допты бір-біріне лақтырып, “Бүгінгі көңіл-күйің қандай?”, “Саған ұнайтын түс” сынды қойылған сұрақтарға жылдам жауап айтты. Әр жауап адамның шынайы ойы мен сезімін білдіруге мүмкіндік бергені сөзсіз.

– Қолға қалам ұстап, сурет салудың да жанға дем беретіні рас екен. Сонымен қатар, әркім өз ойын бүкпесіз жеткізді, жауаптары да қызық болды. Әңгіме өрбітіп, бір-бірімізбен еркін пікір алмасқанымызға да қуаныштымын. Қарапайым ойынның үлкен ойға жетелейтініне көзім жетті. Тренинг арқылы сәл де болса жеңілдегендей болдым, – дейді сотталушының бірі.

Алдағы уақытта да түпкі мақсаты айқын тренингтер тұрақты ұйымдастырыла бермек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: