Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің қызметкерлері кешкі мектепте білім беретін ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
Қазіргі таңда кешкі мектепте 32 сотталған білім алуда. Бұл азаматтарға Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Жалпы білім беретін кешкі мектеп» мұғалімдері білім береді. Оқуға қабылданған азаматтардың ішінде өзге ұлт өкілінен төрт сотталған бар. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес білім беретін ұстаздар оқушыларын келе жатқан наурыз мерекесімен құттықтап, сотталғандардың өз деңгейінде білім алуларына жағдай жасағаны үшін мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Өскенбаев Алтынбек Тұрарбекұлын алғыс хатпен марапаттады.
Кешкі мектептің ҚАЖ департаменті №60 мекемесінде ашылғанына он жылға таяу уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз сотталған азаматтармен тығыз байланысып, еркіндікте жүрген оқушылармен тең дәрежеде қараймыз. Қазіргі таңда сотталған азаматтарға сабақ беру үшін 9 мұғалім сабақ береді. Оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап келіп жатқан мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбек Өскенбаев пен тәрбие бөлімінің бастығы Мағжан Әбдімажитовқа алғысымызды білдіреміз, — деді сотталғандарға білім беруші мұғалім Гүлмира Күнтуарова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!