Тағдырдың тәлкегімен темір торға тоғытылғандардың қоғамға қайта бейімделуі қиын. Сол себепті, оларға арнайы мамандардың көмегімен психологтардың қолдауы аса қажет. Бұл ретте түзеу мекемесі қызметкерлерінің де еңбегі орасан.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жобасы бойынша бірінші кезекте сотталғандарды қайтадан түзелу жолына түсіру, яғни, сотталғандарды бостандыққа даярлау, екінші кезекте жазасын өтеп шыққаннан кейін жұмысқа орналыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, мекеменің босатылатын сотталғандарды тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет аға лейтенанты Айнұр Абдрашитова босатылуына 1жыл қалған азаматтарға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін бостандықтағы өмірге бейімделу бойынша көмек көрсетті.
– Мұндай шаралар сотталған азаматтың іс-әрекетін, мінезін, көңіл-күйін бақылауға өте қолайлы. Сұхбаттасу барысында сотталған азаматтың түзеу мекемелерінен босатылғаннан кейінгі тұрғылықты мекенжайындағы отбасылық қарым-қатынастарға бейімделуі мен болашаққа деген көзқарасын анықтап, оның әлеуметтік дағдыларын қайта қалпына келтіру, мінез-құлқын қалыптастыру бойынша кеңестер берілді,– дейді А.Абрашитова.
-Мен өз қателігімнен сабақ алдым. Алдағы уақытта жасаған қателігіне жол бермей, қылмыс әлемінен өзімді алшақ ұстап, отбасыма көмек көрсетіп, балаларымның тәрбиесімен айналысатын боламын»-, дейді сотталған азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!