Сәрсенбі, 22 қаңтар, 15:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5,2118
21.01.2025
PDF мұрағаты

Сотталғандарға «Майнд машина» аппаратымен релаксациялық жұмыс жүргізілді

22.01.2025

65 0

ҚАЖД №60 мекеме психолог мамандары тәрбие жұмысын жандандыру мақсатында жүйелі жұмыс атқаруда.

Мекемеде психологиялық босаңсу бөлмесі жабдықталған. Яғни, бұл бөлме – жай бөлмелердің бірі емес. Онда бөлменің безендірілуіне, жиһаздардың таңдалуына мән берілген. Босаңсу бөлмесі дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, сырыңды бүкпесіз айтатын, ойыңдағыны іркіп қалмай жеткізетін, күйзелістен шығаратын алаң. Әрі осы бөлмеде жұмыс істейтін психолог та өзін көмек сұрап келгендердің жанашыры, сырласы ретінде сезінгені дұрыс. Бұлай болмаған жағдайда ашық диалог орнамайды, психолог пен сотталушы арасында сенімді әңгіменің түзілуі мүмкін емес. Сондықтан, мекеме тарапынан бұл бөлменің мақсатты жұмыс істеуіне бар мүмкіндікті қарастырды.

– Мекемеге келген күннен бастап арнайы контингентті психологтар жеке қабылдап, әңгіме-сұхбат барысында психологиялық көмек «Майнд машина» дыбыс-бейне стимуляторы қазіргі уақытта айыпталушылар мен сотталған азаматтарға психологиялық босаңсу бағытында көмек көрсетеді. Бұдан бөлек, өз-өзіне қол жұмсауға бейім, профилактикалық есепте тұратын сотталғандар да психологтардың жіті бақылауында. Олардың бойынан қандай да бір өзгеріс сезілгенде психологтар тұйықталуының себебін біліп, көмек көрсетуге, тығырықтан шығуына қолдау көрсетеді.
Бұл әдіс сотталғандардың бір сәт өткен өмірлеріндегі бақытты сәттерді елесету арқылы, жан дүниесіндегі күйзелістен арылуға көмектеседі, – дейді мекеме психологы Айбек Орынбаев.


– Қабылдау барысында арнайы аппаратты кигізгенде көз алдыма түрлі-түсті бояулар келіп, жағымды әуен ойнап, әуеннің ырғағымен өткен өмірімдегі бақытты шақтарымды көз алдыма елестеттім. Нәтижесінде жақсы көңіл күй орнап, болашаққа мақсат қойып,өзіңе деген сенімділік артты. Жігерлі адам ғана қиындыққа сынбайтын, кәтеліктерінен сабақ алып, оны қайталамауға бел байлайтынына көзім жетті, – дейді жан дүниесіндегі күйзелістен арылған сотталушы.

Ақалтын Байжанқызы,

№60 мекеме БАҚ іс-жүргізушісі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: