Қарағандылық өрт сөндірушілер зейнеткерді өрттен алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдай кезінде 64 жастағы ер адамның өртеніп жатқан спа салонның ішінде қалып қойғаны анықталды.
“Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы 2 қабатты жеке тұрған спа салоннан өрт шықты. Қызыл жалын жалпы ауданы 10 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер 1957 жылы туған ер адамды құтқарды”, – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт түгелдей сөндірілді. Алайда әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!