Бейсенбі, 04 желтоқсан, 21:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Спорт саласындағы серпінді жұмыстар баяндалды

04.12.2025

41 0

Фото: Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

2025 жыл сыр спорты үшін табысты болды. Салаға лайықты көңіл бөлінуі, инфрақұрылымның оңалуы өңір спортының өркендеуіне орасан пайдасын тигізді. УЕФА-ның 4-ші санатына сәйкестендірілген жаңа стадион «Kaysar Arena» ресми түрде Қазақстан кубогінің финалдық кездесуімен ашылды. Қызылорда қаласының сол жағалауында «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік қолдау қорымен бірлескен «Теннис орталығы» ашылды. Сондай-ақ аймақ басшысының қолдауымен Қызылорда ерлер және әйелдер бокс клубы болып ресми түрде ашылды. Бір жыл бедерінде грек-рим күресінен 26 жылдан кейін Әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали, бокстан Әлем Кубогының жеңімпазы Нұрсұлтан Алтынбек, бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері Гүлсая Ержан, Зарина Толыбай, Ақбота Болат байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап,аймақ абыройын асқақтатты. Саладағы толайым табыстарды облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеп берді.

– Спорттық инфрақұрылымдарды қарқынды дамыту бағытындағы ауқымды жобалар жалғасын табуда. Соның бірі – облыс орталығында аумағы 25 мың шаршы метрлік көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүруде.Кешенде олимпиадалық стандартқа сай 50/25 метрлік жүзу бассейні және олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарымен қамтылады. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына қоғамдық қорының» демеушілігімен қаланың сол жағалауында ерекше қажеттілігі бар жандарға арнайы арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бұл нысан желтоқсан айында спортшыларымыздың игілігіне табысталады. Аталған қордың көмегімен осы жылы Шиелі және Жалағаш аудандарында ангар типтес жаңа спорт нысандары салынып, ауыл тұрғындарына табысталды. Биыл сыр спортшылары біршама бәсекелерде үздік көрінді. Аймақ абыройын арқалаған азаматтарымызға облыс әкімдігі тарапынан арнайы шәкірт ақы төленуде. Өздеріңіз білетіндей, биыл облысымызда әлемдік және республикалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. Атап айтсақ, өңірімізде алғаш рет Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир, бокстан ҚР VI жастар спорттық ойындары, Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир, Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан халықаралық турнир, ұлағатты ұстаз Велорий Пактың жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан халықаралық турнир,велоспорттан ересектер арасында ҚР Кубогы, жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты, Аманбек Дмаилосовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир, Олимпиада ойындары жеңімпаздарының қатысуымен алғаш рет Өнер орталығында ҚР «Спорт күні»мерекелік шарасы өтті,- деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.

Туризм саласында да тиянақты жұмыстар бар. Биыл өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. 2025 жылы жазғы маусымда облыста 13 шағын және 2 ірі демалыс орындары келушілерге сапалы қызмет көрсетті.

– Өңірге келген туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету – өңірдің имиджіне тікелей әсер ететіндігі белгілі. Осы ретте, туристердің қызмет көрсету саласындағы сұраныстарын қанағаттандыру үшін өңірде халықаралық деңгейдегі «Rixos» және «Pana» қонақ үйлерінің құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар, «Қалалық мәдени және демалыс паркі» қайта жаңғыртудан өтіп пайдалануға берілді. «ҚР Тұңғыш Президенті саябағына» қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, заманауи үлгіде жабдықталған жаңа парк пайдалануға берілді. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін Қорқыт ата әуежайы ішінен туристік бұрыш орнатылды. Биылғы жылдың маусым айынан бастап өңірде Қызылорда – Анталия бағытында халықаралық рейс ашылды. Тұрақты рейс Қызылорда және Анталия арасында аптасына бір рет қатынауда. Аталған бағыттың ашылуы өз кезегінде әуежайдың ұшу географиясын кеңейтіп, шетелдік туристерді көптеп тартуға ықпал етеді,- деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: