Сейсенбі, 18 қараша, 17:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Спорт және рух бірлігі: «Қайсар» клубы «Ауыл» партиясының қатарын толықтырды

18.11.2025

50 0

Бүгін Қызылорда облысындағы «Қайсар» волейбол және гандбол клубтарының тарихында ерекше күн болды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының Төрағасы Серік Рахметтоллаұлы Егізбаев арнайы келіп, клубтың басшылығы мен спортшыларына партия билеттерін салтанатты түрде табыстады. Серік Рахметтоллаұлының қатысуымен өткен шара барысында «Қайсар» волейбол және гандбол клубтарының ұжымы толықтай «Ауыл» партиясының қатарына қосылды! Төраға Серік Егізбаев өз сөзінде спортшылардың ұжымдық рухы мен жеңіске деген табандылығы партия құндылықтарымен үндесетінін атап өтті.

Спорт және рух бірлігі: «Қайсар» клубы «Ауыл» партиясының қатарын толықтырды
Спорт және рух бірлігі: «Қайсар» клубы «Ауыл» партиясының қатарын толықтырды

«Спорт – бұл тазалық, төзімділік және бірлік. «Қайсар» клубының жетістіктері – сіздердің осы қасиеттеріңіздің дәлелі. Бүгін сіздер тек партия мүшесі ғана емес, ауыл спортының шынайы патриоттары ретінде біздің қатарымызға қосылып отырсыздар. Біз сіздерге әрдайым қолдау көрсетеміз!» – деді С.Р. Егізбаев.

Спорт және рух бірлігі: «Қайсар» клубы «Ауыл» партиясының қатарын толықтырды
Спорт және рух бірлігі: «Қайсар» клубы «Ауыл» партиясының қатарын толықтырды

Клубтардың Жетістіктері:
• «Қайсар» волейбол (ерлер) құрамасы: Құрылғанына аз уақыт болса да, ҚР чемпионаттарында жүлделі орындарды иеленіп келеді. Құрамында ҚР жастар құрамасының мүшелері бар.
• «Қайсар» гандбол клубы: Қазақстан гандболының негізін қалаушы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ким Вячеслав Чан-Себович бастаған, құрамында Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар, Супер лиганың көп дүркін чемпиондары. Рәсім соңында «Қайсар» волейбол клубының ойыншылары Төраға Серік Рахметтоллаұлына қолтаңбалары қойылған естелік допты сыйға тартты. Бұл сыйлық – спортшылардың партияға деген сенімі мен ризашылығының символы болды.
«Ауыл» партиясы спортшыларды қатарында көргеніне мақтанады және олардың алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектес!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: