Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 11:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

02.05.2023

637 0

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мәні ерекше мереке болып табылады. Бұл мерекенің атауының өзі – адамзаттың ең игі істерінің негізі болып табылатын – бірлік сияқты ауқымды түсінікті насихаттайды.

Бүгінгі таңда аталған мереке халқымыздың бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы айрықша дәстүрге айналды. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиеттер екенін дәріптейді.

Еліміздегі барлық этностар арасындағы шынайы келісім мен бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі, ұлттық дінінің кеңдігі арқасында екендігіне дау жоқ.

1995 жылдың 1-ші наурызынан бастап республика көлемінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. Қазақстан халықтарының бірлігі күні – қазақстандық патриотизмнің белгісі. Бұл мейрам – ерекше мағынаға ие.

Қызылорда облысында 35 ұлт тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың өз мәдениеті, өз тілі, өз салт-дәстүрі бар. Қазақ жерінде өмір сүріп отырғандықтан қай ұлтты алмасаңыз да Қазақстан жеріндегі бейбіт өмір үшін дән риза. Барлығының ортақ Отаны – Қазақстан.

Аталған ұлы мереке қарсаңында, Көліктегі ПД Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мейрамын мерекелеуге байланысты ағымдағы жылғы 29 сәуірде бөлімнің жеке құрамымен Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының қоғамдық келісім «КММ» бөлім басшысы Ибраев Мұхтар Айшықұлы кездесу өткізілді. Кездесу барысында, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаты мен міндеттері туралы сөз сөйледі. Атап айтқанда, ұлттың, мемлекеттің, қоғам мен отбасының біртұтастығын көздейтін дәстүрлерді, рухани-адамгершілік құндылықтар мен дүниетанымдық ұстанымдарды сақтауға, нығайтуға және қызметкерлерді патриоттық рухта, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеуге, қоғамдағы бірлік пен келісімге қолдаушы болуға тәрбиелеу мақсатында әңгіме жүргізілді.

Қызылорда ст. ЖПб

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: