Жұма, 16 тамыз, 19:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64-2074
13.08.2024
PDF мұрағаты

1414 нөміріне түскен қоңырау саны 1,5 миллионға жетті

16.08.2024

12 0

Қызылорда облысында жыл басынан бері 1414 бірыңғай байланыс орталығына 1,5 млн-ға жуық қоңырау түсті. Орташа есеппен алғанда күніне бір оператор шамамен 140-160 қоңырау қабылдауда.

Тәулік бойы жұмыс істейтін 1414 нөміріне хабарласу арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтер бойынша консультация алып, қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдар мен ұсыныстарын жеткізе алады.

Call орталықтың операторлары желіде сіздерге сауатты сөйлеп, сапалы қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, орталыққа жаңадан қабылданған қызметкерлер міндетті түрде арнайы оқытудан өткізіліп, олардың бұл қызметке бейімделуіне тіпті арнайы тәртібі де әзірленген. 

Айта кетейік, біздің өңірімізде 1414 өз жұмысын 2021 жылы бастаған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: