Сейсенбі, 08 сәуiр, 03:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24, 2137
05.04.2025
PDF мұрағаты

“Ассамблея жастары” ардагерлер үйінде концерт қойды

07.03.2025

144 0

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы “Ассамблея жастары” ұйымы Ардагерлер үйінде мерекелік концерт ұйымдастырды.

Бұл шарада Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ директоры Бақытжан Камалов, Татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Галия Гизатуллина және Славяне орталығының төрағасы Галина Щербакова сөз сөйлеп, Алғыс айту күні және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Олар облыстық Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы кеңінен айтып өтті.

Мерекелік шара барысында “Ассамблея жастары” мүшелері әртүрлі этностардың ұлттық билерін билеп, әндерін шырқады. Жастардың өнері ардагерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Ардагерлер үйінің қариялары жастарға үлкен ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жаудырды.

Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлігін, татулығын және жастардың мәдениетке деген сүйіспеншілігін көрсететін маңызды шара болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: