Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Балалар арасында сурет байқауы өтті

02.06.2023

979 0

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен   Қызылорда облысы бойынша экология департаменті тұрақты түрде «5 маусым – Қоршаған ортаны қорғау» күніне орай «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» атты балалар сурет байқауын өткізіп келеді.

Биылғы жылы байқау өңірлік ауқымда «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылындағы оқушылар арасында ұйымдастырылып, барлығы 29 бала өз туындысын жолдады.

Байқаудың мақсаты – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға қамқор болуға үйрету болып табылады. Әр оқушы салған суреті арқылы туған өлкесінің болашағын, туған жер экологиясының жай-күйін жеткізді.

Балалардың шеберлігімен салынған суреттердің ішінен үздік деп танылған суреттердерді таңдау оңай болған жоқ. Ірітеу барысында суретші маман шақырылып, пікірлерін тыңдалдып, тақырыптық мазмұнға сәйкес келетін балалардың суреттері таңдалды.

1 маусым – Балаларды қоғау күні қарсаңында «Атамекен»отбасылық үлгідегі балалар ауылында өткізілген іс-шараға Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Садықов Нұрбек Қыдырәліұлы қатысып, еңбегі үздік деп танылған балаларды марапаттап, алғысын білдірді.   

Байқау қорытындысымен Бас жүлдені Алена Митрофанова жеңіп алса, І орынды Алшынбаева Несібелі иеленді. Екінші орынға Байтілеуова Малика мен Лебедова Верониканың суреттері лайық деп танылса, ІІІ орынды Митрофанова Валерия, Ысқақова Камиля және Двоеглазов Никита өзара бөлісті. 

Жүлделі орынға ие болған және байқауда белсенділігімен ерекшеленген балаларға Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы Нұржан Өмірсерікұлы атынан Грамота және Алғыс хат табысталып, ынталандыру шаралары атқарылды.  

Сонымен қатар, іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан мекеме директоры Скакова Лиза Ноғайқызына және ұстаздарға алғысымызды білдіреміз! 

Қызылорда облысы бойынша

экология департаменті

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: