Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Дос болlike!» квиз сайысы өтті

12.02.2024

241 0

Еліміздің әрбір азаматы бірлікті, ұлттық бірегейлікті нығайту үшін қызмет ету керек. Осы тұрғыда Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен ұжым арасындағы бірлік пен татулықты дәріптеу, қоғамдық келісімді насихаттау мақсатында «ДОС БОЛLIKE!» квиз интеллектуалды сайысы өтті.

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов квиз сайысының алғы сөзінде қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, рухани азық пен шығармашылық даму сыйлайтын ұжымдық сайыстарды түрлі бағытта әр тоқсан сайын ұйымдастыруды дәстүрге айналдыруға шақырды.

Сайысқа мекеме қызметкерлерінен құралған 6 топ қатысып, танымдық білімін жетілдірді.

Қазылар алқасы құрамында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, мекеме директорының орынбасарлары Дәулет Омаров және Айбек Дайрабай болды.

Кезеңдер басталмас бұрын қатысушылар бірі ұранмен, бірі әдемі көрініспен, енді бірі жыр шумақтарымен өз топтарын таныстырып өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Қатысушыларға «Кім тапқыр?» алғашқы кезеңінде сөз тіркестерінің мағынасын табу керек болды. Екінші «Quiz Star» кезеңінде ескі, заманауи әндердің шығу тарихы мен авторлары жасырылды. Ал «I Qas» кезеңінде ой қозғау, «миға шабуыл» жасалды. «Кино әлемі» кезеңінде қазақ тарихын бейнелейтін, заманауи кинолардан сауалдар қойылды. Әр кезеңнің сауалдары бір-бірінен ерекше болды.

Әділ қазылар алқасының шешімі негізінде «ДОС БОЛLIKE!» сайысында оқ бойы озық шығып, жүлделі бірінші орынды «РУХАНИЯТ» тобы, екінші орынды белсенді «Жас STAR» тобы, үшінші орынды бірыңғай сұлу арулардан құралған «ТОМИРИС» тобы жеңіп алды. «БІРЛІК», «ИНСАЙД», «ДОС LIKE» топтарына Алғыс хат табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: