Жұма, 19 желтоқсан, 16:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Емханалар арасындағы байқаудың қорытындысы белгілі болды

19.12.2025

41 0

«МСАКкөшбасшысы» республикалық байқауының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының үздік емханалары белгілі болды. Байқаудың ұйымдастырушысы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

<strong>Емханалар арасындағы байқаудың қорытындысы белгілі болды</strong>
<strong>Емханалар арасындағы байқаудың қорытындысы белгілі болды</strong>
<strong>Емханалар арасындағы байқаудың қорытындысы белгілі болды</strong>

1 қыркүйек пен 30 қараша аралығында өңірдегі медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету ұйымдары арасында, Қор филиалының медициналық қызмет көрсетушілері болып табылатын 24 медициналық ұйым үздік атағы үшін бақ сынасты.

Байқау нәтижесі бойынша:

I орын – №6 қалалық емханаға,

II орын – №4 қалалық емханаға,

III орын – Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасына берілді.

Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқаны үшін Сырдария аудандық ауруханасының маманы Әсел Аябекова Алғыс хатпен марапатталды.

<strong>Емханалар арасындағы байқаудың қорытындысы белгілі болды</strong>

Облыстық Қор филиалының директоры Жақсылық Абдусаметовтың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтарын кеңінен насихаттау және МСАК ұйымдарының жұмысын жандандыру.

Байқау ережесіне сәйкес, медициналық ұйымдар бес индикаторлық көрсеткіштер бойынша бағаланды. Атап айтқанда:

  1. МӘМС жүйесінен тыс қалған азаматтардың санын азайту;
  2. Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің жұмысы туралы ақпараттық материалдар мен түсіндірмелер саны;
  3. МӘМС мүмкіндіктері жайлы өз парақшаларындағы, БАҚ-дағы жарияланымдары;
  4. Қор филиалына МСАК ұйымына түскен шағымдардың саны;
  5. Тәуліктік стационарларға шұғыл түрде жатқызылған диспансерлік есепте тұратын пациенттердің үлес салмағын азайту;

Сайыстың нәтижесі Қордың, Қор филиалының, Денсаулық сақтау басқармасының, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің «SENIM» салалық кәсіподақ ұйымы» филиалы өкілдерінен тұратын комиссия шығарды.

Қор филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов жеңімпаз ұжымдарға алғыс білдіріп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетудегі еңбектеріне жоғары баға берді.

Еске сала кетейік, «МСАК көшбасшысы» байқауы 2024 жылы басталған. Алғашқы жеңіс тұғырына «ALEXEY SULTAN-AKHMET» ЖШС ұжымы ие болған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: