Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы волонтерлар мен жастар ұйымының мүшелері облыстық мұражайға экскурсия жасады.
Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, аймақтың тарихи-өлкетану мұражайының қолдауымен өткен экскурсияның басты мақсаты – қатысушылардың танымдық көзқарасын, ой өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлкеміздің тарихын, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ояту болып табылады.
Айта кету керек, мұражайдың археологиялық топтамалары 1980 жылы қалыптаса бастаған. Оған облыс аумақтарына жүргізілген археологиялық – қазба экспедициялары жұмыстары кезінде табылған 2915 экспонат кіреді. Олардың көбісі баға жетпес заттар болып табылады. Жалпы алғанда мұражай қоры археологиялық, этнографиялық жинақтар, зергерлік әшекей бұйымдар, сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбаларға бай.
«Өңірдің этнос өкілдеріне басқа да киелі жерлерді көрсетіп, халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихаттау арқылы бірлікті нығайтуға арналған экскурсиялар алдағы уақытта өз жалғасын табады»,- дейді ұйымдастырушылар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!