Сейсенбі, 24 желтоқсан, 08:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кешенді шаралар оң нәтиже беруде

07.11.2024

356 0

Сурет:gov.kz

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесін басымды бағыттардың бірі етіп белгілеп, заң бұзушылықтарды жою және болдырмау бағытындағы алдын алу жұмыстарын жүйелі үйлестіріп, кешенді шаралар жүргізуде.

Атап айтқанда, Департаментте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылып, аумақтық басқармаларға ішкі талдау жүргізілді.Аталған жұмыс барысында анықталған заң бұзушылықтарға жол берген мамандардың тәртіптік жауапкершілігі қаралды.Ішкі талдау жүргізілген аумақтық басқармаларда көшпелі құқықтық семинарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ Департаменттің Әдеп өкілінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында үнемі облыстыққұқықтық семинарлар ұйымдастырылады, 2024 жылдың 9 ай көлемінде 8 облыстық семинар өткізілді. Құқықтық білім беру – заң бұзушылықтың алдын алу, болдырмау мақсатындағы маңызды құралдардың бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болдырмау мақсатында заң талаптарында көрсетілген сыбайлас жемқорлық бойынша жаупкершіліктер барлық мамандарға қол қоя отырып таныстырылды, мемлекеттік қызметшілердің кірістері, шығыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері уақытылы орындалып келеді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ұжымдағы ахуалды бағамдау үшін мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізіліп, нәтижелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес аясындағы жұмыстарды күшейту бағытындағы шаралардың бірі қала, аудан аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінебару.Басты мақсат – мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру.Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің бақылау-қадағалау қызметін атқаратын қызметкерлерін ұстау орындарындағы режиммен таныстырды. Түзеу мекемелеріне бару тәжірибесі түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар 145 мемлекеттік қызметші «Documentolog» платформасының «Академия» блогында орналастырылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптары» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн курсынан өтті, бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

Біліктілікті арттыру шеңберінде 16 мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге, ескертуге және жолын кесуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде сенім телефондары іске қосылған. Департамент пен аумақтық басқармалардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Facebook, Instagram әлеуметтік желісінде парақшаларда халықпен кері байланыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған кешенді шаралар легі әрі қарай да жалғасатын болады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының СЭБД басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: