Бейсенбі, 25 желтоқсан, 11:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№98 (2210)
23.12.2025
PDF мұрағаты

«Пиротехника» іс-шарасы өтуде

25.12.2025

75 0

Фото: Freepik

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірінің нұсқауына сәйкес, 2025 жылдың 5 желтоқсанынан – 2026 жылдың      3 қаңтары аралығында республика көлемінде «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, сатып алу, тасымалдау тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді жеткізушілерді анықтау, осы өнімдердің салдарынан болатын төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.

Аталған іс-шара барысында облыс көлеміндегі базарлар мен ірі сауда орталықтарында Қызылорда облысы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік          іс-шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар, Полиция департаменті іс шараны кеңінен насихаттау мақсатында, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы кәмелетке толмағандар арасында жарақат алуды болдырмау, алдын алу мақсатында, облыс көлемінде барлық білім беру мекемелерінде мектеп инспекторларымен кәмелетке толмағандармен қауіпсіздік шаралары туралы дәрістер оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шара барысында барлығы 20 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 128 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Кодекстің 196 бабымен барлығы 15дерегі (Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау) Қызылорда ҚПБ-11, Арал-2, Жалағаш-1, Сырдария-1, Шиелі-1 және Жаңақорған АПб-мен-1 құқық бұзушылықтар анықталып, (128 дана пиротехниқалық бұйымдар тәркіленген).

436-бабымен (Елдi мекендерде пиротехникалық  заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру) Арал ауданымен 3 құқық бұзушылық анықталған.)

ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігімен(Елді мекендерде пиротехниқалық бұйымдарды қолдану) сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (78640 теңге) көлеміндеайыппұл салынады.

Кодекстің 483-бабы 1-бөлігімен (пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы бар жеке тұлға, оларды сақтау сату тәртібін бұзған жағдай)

жеке тұлғаларға –5 АЕК (19660 тенге) 

шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес  ұйымдарға – 10 АЕК (39320 тенге)

орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15 АЕК (58980 тенге),

ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 АЕК (176940 тенге) көлемінде айыппұл салынады.  

Кодексінің 196-бабына сәйкес (Зансыз сауда жасау) 25АЕК (98300 тенге)

Ескертпе:

Күмәнді сатушылардан пиротехниканы сатып алмаңыз, балаларға пиротехниканы өз бетінше іске қосуға рұқсат етпеңіз, қаптамадағы нұсқамаларды мұқият оқып шығыңыз, пиротехниканы жарылуы кезінде қашықтықты сақтаңыз, жабық үй жайда  пиротехниканы мүлдем пайдалануға болмайды. Өнімдегі нұсқаулықты мұқият оқып шығуға жалықпаңыз, таныс және қарапайым пиротехникалық өнімнің өзіңдік ерекшеліктері болуы мүмкін, көруге келген көрермендер пиротехникалық бұйымды қолдану барысында көрсетілген қауыпты аймақтан тыс кемінде               20 метр қашықтықта болуы тиіс, жұмыс істеп тұрған пиротехникалық бұйымды қолда ұстауға қатаң тиым салынады, жаңа жылдық мерекеде жыл сайын балалардың көпшілігі  пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдаланбау салдарынан жарақат алады.

          Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары, мереке күндері балаларыңыздың денсаулығын сақтауға шақырамыз.   

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: