Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық кәсіпкер әкімшілік кедергілер үшін жер учаскесін ала алмаған

12.04.2023

750 0

Қызылорда облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкержер учаскесін алу кезінде әкімшілік кедергілерге кездескенін айтып өтініш білдірді.

Кәсіпкер жергілікті атқарушы органнан жылыжай салу үшін Қызылжарма ауылында 0,01 га жер учаскесін сұраған. Алайда уәкілетті орган кәсіпкер сұраған жерден үш есе көп 0,03 га жер учаскесін аукционға қойған.

Салдарынан тиісті қаражаты болмай кәсіпкер бұл аукционға қатыса алмаған. Департамент жауапты сала мамандарының қатысуымен жиын өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде кәсіпкердің өтінішіне сәйкес, жергілікті атқарушы орган0,01 га. жер учаскесін сатып алуға аукцион өткізу туралы шешім қабылдады. Осылайша кәсіпкер аукционға қайта қатысуға мүмкіндік алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: