Жексенбі, 15 наурыз, 15:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19 (2231)
14.03.2026
PDF мұрағаты

Тәжікстандық ОСК басшысы: «Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған»

15.03.2026

43 0

Фото: Тәжікстандық ОСК басшысы

Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумға халықаралық бақылаушылар да қатысуда. Солардың қатарында Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Худоёрзода Бахтиёр бар.

Ол Қазақстанға ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық ассамблея және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы құрамында келгенін айтты.

<strong>Тәжікстандық</strong><strong> </strong><strong>ОСК басшысы: «Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған»</strong>

«Біз Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен референдумды дайындау және өткізу барысын бақылауға келдік. Астанада болған уақыт ішінде референдумға дайындық жұмыстарымен таныстық, сондай-ақ бүгін дауыс беру процесін тікелей бақыладық», – деді Худоёрзода Бахтиёр.

Бақылаушының пікірінше, референдумды ұйымдастыру үшін ауқымды және жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілген. Учаскелік және аумақтық комиссия мүшелері референдум өткізудің барлық кезеңдері бойынша арнайы дайындықтан өткен.

«Бұл Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастырғанын көрсетеді. Дауыс беру құқығы бар азаматтар учаскелерге еркін және өз еркімен келіп, дауыс беруде. Бұл – референдум өткізу кезінде азаматтардың еркін таңдауы мен ашықтық принциптерінің сақталып отырғанының дәлелі», – деді ол.

Сөз соңында ол Қазақстан халқына бейбітшілік, бірлік пен тұрақты даму тілейтінін жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: