Жұма, 19 қыркүйек, 15:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Зайырлы қоғам және жастар

19.09.2025

49 0

Жат ағымға арбалған кез-келген адам діни экстремиз-терроризм әрекеттеріне баруы әбден мүмкін. Оны алдын алу үшін қоғамда дәстүрлі және діни жат ағымдардың ара-жігін ажырата білуі қажет.Сондықтар жасөспірімдерді діни сауаттылыққа, мәдениетке баулу аса маңызды.

Осыған орай орталықтың теолог мамандары С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық-технология мектеп-лицейінің, П.Осипенко атындағы №8 орта мектептің,№212 мектеп-гимазиясының, №267 орта мектебінің және Қызылорда облысы «Велосипед спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубының, №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің оқушыларымен, сонымен қатар М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің, Қазанғап атындағы музыкалық колледжінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында жастарға діни сауаттылықты арттыру, теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтанудың маңыздылығы айтылып, дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтар төңірегінде кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара соңында оқушылар мен студенттер теолог мамандарға көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.

<strong>Зайырлы қоғам және жастар</strong>

Балауса Сыздықова

Қызылорда облысы дін істері басқармасы

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ-нің журналист маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: