Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жастар онкүндігі жалғасуда

09.08.2024

355 0

Халықаралық жастар күніне орай республикамыздың әрбір өңірінде онкүндік өтіп жатыр. «Qosyl» Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы жастар мерекесіне орай арнайы шаралар өткізуде. Онкүндіктің алғашқы күнінде қала жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық мәдениетті дамыту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру бойынша «Urban park» спорт алаңында тазалық жұмыстары, қала мектеп оқушыларының бастамасымен құрылған «Тазалық партулі» волонтерлік тобының жұмысын ұйымдастыру арқылы қала тұрғындары мен кәсіпкерлік нысан иелерін тазалыққа шақыру жұмыстары жүргізілген.

– 1999 жылдан бастап жыл сайын бүкіл әлемде 12 тамызда халықаралық жастар күні атап өтіледі. Биыл елімізде Жастар күні 10 күн аталып өтеді. Онкүндіктің әрбір күнінде өз тақырыбы бар. Мәселен, 4 тамыз – «Жас келсе, іске!» тақырыбында өтті. Жастарды өзін-өзі дамытуға ынталандыру, көшбасшылық және кәсіби даму идеяларын ілгерілету мақсатында «Зеро»  кино фильмінің көрсетілімі өтті.  Бұл фильмді таңдаудағы негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдердің лудомания, азарттық кеселдерге ұшырамауын және алдын алуға себеп болды. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы «Денсаулық – зор байлық» атауымен өткен шарада «Донор бол» ерікті түрде қан тапсыру акциясы өтті. Сонымен қатар жастарда білім құндылықтарын, зияткерлік дамуды дамыту маңызды. Осыған дейін тұрақты ұйымдастырып келе жатқан әр сала жастарын біріктірген  «Qosyl quiz» интеллектуалды ойынын және қала жастары арасында «Мафия», «Монополия» үстел ойындарын ұйымдастырдық, – дейді Медет Жорабек.

Жастар күніне арналған шаралар апта бойы өз жалғасын тапты. Қала жастары мен ерікті жастар қараусыз қалған жануарлар орталығында өткен «Жануарларға мейіріммен» акциясына қатысып, көмек көрсетті. Коммуникациялық дағдыларды дамыту, инновациялық әлеуетті қолдау күніне орай ұлттық нақыштағы «Bidai» мейрамханасында жастар өкілдері, қоғам белсенділері, аға буын өкілдерінің қатысуымен «Болашақтың мамандықтары»  диалог алаңы өтті. Диалог аясында маңызды тақырыптар талқыланып, жастар өз ұсыныстарын жеткізген.

– Сонымен бірге жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» шарасы өтті. Шара аясында қаламыздың жұмыссыз жастары бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, мекемелерден жұмысқа шақыру алды. Онкүндік аясында ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттау, челлендждер, рейдтік шаралар өткізу жоспарлануда, – дейді орталық директоры.

Онкүндікті қорытындылау «Жастармен бірге!» тақырыбында өтпек. Қаламыздағы «Urban Park» спорт алаңында «QYZYLORDA URBAN FEST» фестивалі өтеді. Фестиваль аясында  «BookCrossing» – қала тұрғындары мен келушілер арасында кітап айырбастау, «Шыңды бағындыр» турникке тартылу қалалық сайысы, «Силомер» аппараты арқылы күш сынасу, «Қызылорда жастар қаласы» жастар туралы фото репортаж (фото-сушка), «Street dance» замануи би топтары мен жекелей би сайыстарын ұйымдастыру, «Qosyl acustic» жанды дауыстағы ән орындау жоспарлануда. 12 тамыз – халықаралық жастар күнінде Қызылорда қаласы әкімінің «Самғау» жастар сыйлығын табыстау, мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлес қосып жүрген белсенді жастарды марапттау  жоспарлануда.

София Темірболат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: