Сәрсенбі, 21 қаңтар, 11:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Зиянкес шөптің қитұрқысы

21.01.2026

50 0

     Баяғыда бір жып-жылы, тыныш ауылда Саят деген ақылды бала өмір сүріпті. Ауыл жанына жанға жайлы жайқалған орман бар екен. Сол орманда сырт көзге әдемі көрінетін,жап-жасыл жайқалған , бірақ ішінде айласы көп, сиқырлы  бір өсімдік  яғни— зиянкес шөп өсіпті. «Сырты бүтін, іші түтін» дегендей, оның айласы бар, адамды алдайтын жаман сыры бар екен.

    Бір күні ол орманда ойнап жүрген Саятқа зиянкес шөп сыбырлап:

    — Мені бір рет байқап көрсең, маған қарасаң, бұрын болмаған қуаныш табасың, — деп арбайды.

   Саят ойланып:

   — «Бөтеннің сөзіне ерме, өз ақылыңа сен!» деген. Сенімсіз нәрседен сақтану керек, — дейді.

   Бірақ шөп өз айласын асырып, арбауын тоқтатпайды.

   Сол бір сәтте орман қорғаушысы — Ақүн атты ақ көгершін ұшып келіп:

   — Саян, «Ауру да — ауыздан, дау да — ауыздан» шығады. Бұл шөп – қуаныш емес, қасірет әкелетін у. Бір рет жақындасаң, еркіндігіңді тартып алады, — деп орман қорғаушысы ескертеді.

   Саят  ойлана келе:

    — «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген.Менің өмірім жарық, жарқын болу керек! — деп ақылға келіп,  зиянкес шөптен біржола бас тартады.

    Содан бері ауыл балалары Саяттың басынан өткенін естіп,  батылдығын айтып, «Сақтықта қорлық жоқ» екенін түсініп,таразыға салып,  зиянды нәрседен аулақ жүретін болыпты.

Амангелді Рамазан

№ 176 орта мектептің 6 «Ә» сынып оқушысы

                                                                             

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: