Алматыда студент университет оқытушысына пышақпен шабуыл жасады. Ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, студент оқытушыны жазғы семестрге қалдырғаннан кейін, шабуылды дәретханада жасаған. Әлеуметтік желілерде күдіктінің ұсталған сәті түсірілген видео да жарияланды. Оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге нақтыланған жоқ.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі растады.
«Аталған факті бойынша Алмалы ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті “ізін суытпай” ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
