Дүйсенбі, 06 қаңтар, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№103 — 2113
31.12.2024
PDF мұрағаты

Сұхбатта халықты алаңдатқан қордалы мәселенің барлығы қамтылған

04.01.2025

240 0

Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбатын оқып шықтым. Мемлекет Басшысы 2024 жылды қортындылап, мазмұнды ақпарат және көптеген сұрақтарға нақты жауап берген.

Былтыр естеріңізде болса Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп берген болатын. Осындай сұхбаттар жақсы дәстүрге айналып келеді.

Бұл елімізді дамытуға қа­тысты шаралардың мән-маңызын азаматтарымыздың терең түсінуіне мүмкіндік береді.

Сұхбатта халықты алаңдатқан қордалы мәселенің барлығы қамтылған. Мемлекет басшысы уақыт белдеуі, Талғар оқиғасы және заңның күшейіп, жазаның қатаңдауына қатысты да пікірін білдірген.

Мемлекет Басшысы елімізде қыруар атқарылған жұмыстарға да тоқталған.

Мысалы, әбден тозығы жеткен инженерлік-коммуналдық инфрақұры­лымды жаңғырту жұмыстары барлық аймақта жүргізілді. 18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді. Алматы, Қызылорда және Шымкент әуежайларында жаңа жолаушылар терминалы іске қосылды.

Осы тұста түртіп өтейін, Мемлекет басшысының қолдауымен Сыр елінде де ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі – Қызылорда қаласын ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты.

Сұхбатта журналист елімізде мерзімінен бұрын пар­ламент сайлауы бола ма? Бұл туралы қазір жиі айтыла бастады,- деп сұрақты төтесінен қойды.

Мемлекет басшысы: «Мұндай болжамдар бар екенін білемін. Бұл ақпарат әдейі таратылып жатыр деп ойлаймын. Біздің елде жаңа Үкімет жұмысына кіріскен бетте оның отставкаға кететіні туралы әңгіме тарайды. Парламент туралы да дәл солай деуге болады. Мен Парламент депутаттары азаматтық және саяси жауапкершілік танытып, жақсы жұмыс істеп жатыр деп ойлаймын. Ал Үкімет – ауыс-түйіске бейім құрылым.

Оның құрамында түрлі жағдайға, оның ішінде «Amanat» партиясының және Парламенттегі басқа да партиялардың ұстанымына байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді. Парламент өзіне тиесілі мерзім аясында қызметін атқаруға құлықты. Ал Үкімет бекітілген бағдарламалар мен жоспарларға сәйкес әрекет етіп, оң нәтижеге жету үшін жұмыс істеп жатыр. Стратегия­лық міндет – тұрақты әлеуметтік-­экономикалық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің өңірдегі көшбасшы мәртебесін нығайту», -деп жауап берді.

Сұхбатта елдің алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындап берген.

Президентіміз баспасөз арқылы біраз көптің көкейіндегі маңызды сұрақтарға жауап беріп, халық арасындағы күдік ойларды сейілтті деп санаймын.

Мархабат Жайымбетов,

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: