Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сұйытылған газды сыртқа тасымалдауға жол берілмейді

15.01.2023

553 0

Соңғы күндері өңірде газ таратушылар тарапынан сұйытылған мұнай газды өзге өңірлерге тасымалдау әрекетіне жол бергендігі анықталды. Бұл мәселені назарға алған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жедел жиын өткізді.

Басты мақсат – өңір халқы үшін газ бен дизель қорында тапшылықты болдырмау. Аймақ басшысы өңірге бекітілген лимит бойынша сұйытылған мұнай газы мен дизель отыны тек облыс халқының игілігіне жаратылуы қажет екенін алға тартып, сыртқа тасымалдауды шектеу үшін арнайы блок-бекеттер қойып, қадағалауды күшейтуді тапсырды. Мұнан бөлек, газ бен дизель қорының жеткілікті болуын қадағалап, май құю бекеттерінде баға тұрақтылығын бақылауда ұстап, арзандату тетіктерін қайта қарау қажет екенін еске салды.

Жиын барысында облыс әкімі күннің суытуына байланысты аймақта көмір қорының жеткілікті болуын, қоймайларда қажетті мөлшерді толықтыру жұмыстарын іркіліссіз жүргізуді міндеттеді. Құқық қорғау органдары басшыларымен бірлескен жиында басқарма басшыларына бірқатар міндеттер жүктелді. Аймақ басшысының тапсырмасынан кейін полиция департаменті Түркістан, Арал, Жезқазған бағыттарына блок-бекет орнатты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: