Сейсенбі, 26 қараша, 17:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сұйытылған мұнай газы бағасының негізсіз өсу белгілері анықталды

02.08.2021

942 0

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаменті Агенттіктің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылғы қаңтар-маусым кезеңіне Қызылорда облысы бойынша автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тауар нарығына талдау жұмысын жүргізді.

Талдау барысында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында «Автогаз Трэйд» ЖШС, «ЖШС «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Auto Gas Station» ЖШС, «Galaxy Oil» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Invadam» ЖШС АФ» ЖШС, «Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС, «Байқоңыргаз» ЖШС және «Азия Оңтүстік пром» ЖШС Қызылорда облысы бойынша (қала мен аудандар бөлінісінде) сұйытылған мұнай газының бағасын бір мезгілде ұстап тұру арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асырған.

Осылайша, бұл нарық субъектілердің әрекеттерінде аталған кезеңде автокөлікке құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттердің белгілері анықталды.

Баяндалғанның негізінде, Департаментпен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау туралы, атап айтқанда, сұйытылған мұнай газының бағаларын төмендету арқылы оларды белгілеу және ұстап тұру бойынша келісілген әрекеттерді тоқтату туралы 8 хабарлама шығарылды, сондай-ақ, Агенттіктің Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары бойынша департаменттеріне осы аумақта тіркелген 2 нарық субъектісіне хабарлама шығару туралы хат жолданды. Бұл хабарламалар 30 күнтізбелік күн мерзімде орындалмаған жағдайда, осы нарық субъектілеріне қатысты тергеп-тексерулерді жүргізуге негіз болады.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған субъектілер хабарламаларды орындау мақсатында сұйытылған мұнай газының бағасы орта есеппен литріне 83-89 теңгеден 73-80 теңгеге дейін төмендетілді. Бұдан әрі Департамент автогаз құю станциясы (АГҚС) арқылы өткізілетін сұйытылған мұнай газына бағаның негізсіз көтерілуін бақылайтын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: