Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әкімдіктің Instagram парақшасында тікелей эфирге шықты. Эфир соңында шенеунік тұрғындардың сұрақтарына дөрекі жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Нұрмағамбетов соңғы алты айдағы жұмысы туралы есеп беріп болған соң тікелей эфир аяқталды деп шешсе керек, әрі қарай ол дөрекі сөйлей бастайды.
«Бұл сұрақтарды бір жерлеріне тығып қойсын…». Нақты қай жерге екенін жазбаймыз, бірақ суретін сала аламыз».
instagram: tirazh.kz
Әлеуметтік желідегі жұрт әкімнің бұл сөзіне шүйлігіп, қатты сынның астына алды. Шенеунікке қатысты қызметтік тергеу басталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!