2025 жылдың сәуір айының 19 күні Қызылорда облысы аумағындағы Жаңадария су айдынының құйарлық тұсында яғни екі жақ жағалауында иесіз қалдырылған балық аулау ау құралдарынан және қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясына және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза Like» іс шарасы Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Арал филиалы, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облыстық медициналық жедел жәрдем станциясы, Қызылорда облысы бойынша табиғат пайдаланушылардың және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті студенттерінің қатысуымен ауқымды түрде өткізілді.
Акцияға 70 адам қатысып, 7 техника тартылып, 500 кг жуық әртүрлі қоқыс қалдықтары жиналып, тиісті орындарға шығарылды.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!