Жексенбі, 24 қараша, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

«Су мәселесі ушығып кетуі мүмкін»: Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді басқаруға шақырды

29.03.2023

636 0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сессиясында елімізде су мәселесінің ушығып кетуі мүмкін екенін алға тартты. Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аударуға шақырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді.

“Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Қазір үкімет су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керек. Осы жұмыста ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алған абзал”,- деді президент.

Мемлекет басшысы елімізде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалатынын, соның 60 пайызға жуығы жай құмға сіңіп кететнін алға тартты. 

“Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық. Алда суару каналдарын ауқымды реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды автономды басқаруға көшу, суды есепке алуды автоматтандыру, су ресурстарын пайдалануға квоталарды енгізу қарастырылуы керек. Осы мәселелердің барлығын сапалы құқықтық және заңнамалық қолдау қажет»,- деп қосты президент.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: