Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
22 наурызда сағат 20:33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, «Шандықсор» жасанды су айдыныонда 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен.
22 наурызда сағат 20:33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, «Шандықсор» жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен.
Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгендері анықталды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.
23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 бірлік техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!