Жұма, 14 қараша, 11:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Су жаңа Shacman жүк көлігі жүріп келе жатып өртеніп кетті

14.11.2025

43 0

Фото: видеодан алынған кадр

Алматы – Өскемен трассасында Shacman жүк көлігі техникалық ақаудан өртенді. Жүргізуші аман, зардап шеккендер жоқ. Полиция көліктің техникалық жағдайын тексеруге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігі трассаның 900-шақырымында отқа оранды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жүк көлігіндегі техникалық ақау себеп болған. От ең алдымен дөңгелек бөлігінен тараған, жүргізуші көлікті тоқтатып, кабинаны дер кезінде тастап шыққан. Зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге шақырады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: