Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы бұйрығымен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және сол орындарға жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатта Қағидалардың 5, 6, 7, 8-тармақтарының, 9-тармақтың төртінші бөлігінің, сондай-ақ 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-тармақтарының қолданысы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін тоқтатылатыны көрсетілген.
Тоқтата тұру кезеңінде 5-тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
Субсидияланатын жұмыс орындарын бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде мансап орталықтары ұйымдастырады.
- 9-тармақтың 4-бөлігі мынадай редакцияда қолданылады:
Қоғамдық жұмыстар меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс берушілерде ұйымдастырылады.
- Қағидалардың 14-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
Жұмыс берушілерден субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдау Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.
Алдағы қаржы жылына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер жыл сайын 29 желтоқсан мен 16 қаңтар аралығында қабылданады.
Ағымдағы қаржы жылына өтінімдер 1 наурыз бен 30 қыркүйек аралығында қабылданады.
Мансап орталығы өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыс берушілердің бірыңғай тізбесін қалыптастырып, қарау және бекіту үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.
Еңбек мобильділігі орталығы екі жұмыс күні ішінде өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, субсидияланатын жұмыс орындарының түрін, жұмыс ұзақтығын, мамандығын және айлық жалақы мөлшерін көрсете отырып бекітеді.
Сондай-ақ мансап орталығы бекітілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде еңбек мобильділігі орталығының шешімін әрбір өтінім бойынша «Еңбек нарығы» АЖЖ-ға енгізеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
