Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Судьяның көлігін өртеп жіберген

01.06.2023

774 0

31 мамыр күні БҚО-дағы Жаңақала ауылында аудандық судья Ілияс Іргебаевтың көлігі өртенді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

БҚО бойынша ТЖД ақпараты бойынша, 31 мамыр күні сағат 5:06-да Жаңақала ауылында Тәуелсіздік көшесі, 14-үйде Toyota Camry автокөлігі өртенді. Көліктің артқы бөлігі, артқы бампер және артқы сигнал шамдары жанып кетті. Автокөлік газбен жабдықталмаған, өрт сөндіргіш қолданылмаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндірілді. Автокөлік ресейлік тіркеуде .

ҚК 202-бабы 2-бөлігі «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Осы баптың санкциясы 2000 АЕК (6 миллион 900 мың теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі жазаны не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер көліктің жанынан пластикалық бензин бөтелкесі мен қамысты тапқан.

Судья Іргебаев көлігін кім өртеуі мүмкін екенін болжай алмады.

«Қазір бұл мәселе бойынша ешқандай ақпарат бере алмаймын, өйткені менде тергеу әрекеттері туралы ақпарат жоқ. Екіншіден, ақпарат ресми түрде берілсе де, сізге ешқандай түсініктеме бере алмаймын. Бұл көлік – отбасымыздың мүлкі”, – деді ол.

Судья 2021 жылы 27 ақпанда Жаңақала аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: