Бейсенбі, 02 қазан, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

AMANAT:9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

02.10.2025

63 0

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ағымдағы жылдың 9 айында партия филиалымен атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

AMANAT:9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Жалпы, партияның халық алдындағы ең басты міндеті – сайлауалды бағдарламасының мүлтіксіз орындалуы. Есепті мерзімде өңірде сайлауалды бағдарламада жоспарланған жұмыстадың 32 пайызға жүзеге асқан. Яғни, Жол картада жоспарланған 110 іс-шараның 35 орындалып, 75-і жұмыс барысында.

Атқарылған жұмыстардың бірқатарына тоқталып өтсек, Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында спорт кешендері ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3300 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. 2 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 3,7 мың адамның көгілдір отын игілігін көруіне жағдай жасалды. Мұнан бөлек те әрбір бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстар бар. Бұл жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырыла беретін болады», -деді Ләйлә Төрешова.

Сондай-ақ, есепті мерзімде өңірде 1 аудан, 52 ауылда әкімдер сайлауы өтіп, барлығында «AMANAT» партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жеткен.

Партиялық бақылау комиссияларының аймақтық және аумақтық деңгейлерде 73 отырысы өтіп, оларда көтерілген 466 ұсыныстың 329-ы орындалған. Сайлауалды бағдарламаны өңірде іске асыру басталған кезеңнен бастап 84 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылса, бүгінгі күнге 77 нысан пайдалануға берілген. 7 нысан құрылысы партиялық бақылауда.

Партиялық бақылау комиссияларынан бөлек барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялардың жұмысы жаңа жолға қойылған. Есепті кезеңде мәслихаттардағы фракциялардың 45 отырысы өткізіліп, фракция мүшелерімен тиісті органдарға 630 депутаттық сауал жолданған. Сонымен бірге түрлі мәселелер бойынша нақты практикалық шешімдерді әзірлейтін диалог алаңдарына айналған партия жанындағы Кеңестердің 45 отырысы өтіп, оларда қаралған 135 мәселе бойынша 197 ұсыныс тиісті органдарға жолданған.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6092 арыз-өтініш түсіп, 62,8 пайызы оң шешілген. 2170 өтініш бойынша заңнамалық түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер берілген. Жалпы тіркелген өтініштердің саны республика бойынша 4-ші, ал олардың оң шешімдердің үлесі бойынша 20 аумақтық филиалдың ішінде 6-шы орында.

Брифинг барасында партия филиалының төрағасы Мобильді қабылдау жұмыстары бойынша да атап өтті.

«Партия үшін әрбір азаматтың өтініші маңызды. Осы орайда шалғай елді мекендер тұрғындарының өзекті мәселелерін оңтайлы шешу үшін жыл басынан 94 елді мекенде мобильді қабылдау ұйымдастырылып, оларда 876 мәселе қаралды. 499 мәселе оң шешіліп, (56,9%) 364 өтініш бойынша қолданыстағы заңнамалар аясында нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қалған 13 мәселе бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қоғамдық қабылдау жұмыстары ірі бастауыш партия ұйымдарында да өткізілуде. Ең бастысы, қабылдауларға түскен бірде-бір өтініш қараусыз қалмай жұмыс істелуде», – деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

Атап өтейік, өңірде әрбір стратаны қамтитын партияның 11 жобасы бар. Жобалар аясында есепті мерзімде 35 485 азаматтың қатысуымен 1013 шара өткізілген. Атап айтар болсақ, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 322 іс-шара ұйымдастырылып, жалғызбасты ардагерлерге түрлі бағыттағы көмектер көрсетілген. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 208 шара. Соның ішінде 21 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 14 тұрақты, 69 мүмкіндігі шектеулі азаматты уақытша жұмысқа тұруына қолдау жасалған. «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған 124 отбасыға демеушілер есебінен қайырымдылық көмектер көрсетілген. Осы жоба аясында партияның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы өтіп,1914 бала мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Жер аманаты» жобасы бойынша биылға жоспарланған 60,0 мың гектардың бүгінге 51 мың гектары қайтарылған.

Атқарылған жұмыстардың насихатталуына келсек, есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 1092, әлеуметтік желілерде 8346 материал жарияланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: