Сәрсенбі, 12 наурыз, 09:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – басым бағыттардың бірі

06.02.2025

143 0

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі басымды бағыттардың бірі.
Мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында құқықтық оқытулар ұйымдастыру жүйелі жолға қойылған. Жыл көлемінде барлық аумақтық басқармаларда қызметкерлердің құқықтық біліктілігін арттыру үшін оқыту семинарлары өткізу жоспарланып, жыл басынан бері 5 семинар өткізілді. Оқыту семинарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамау – қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және олардың мемлекеттік қызметті тоқтатуға негіз болып табылатындығы айтылды. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында қолданыстағы заң талаптарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың жаңа форматы талқыланып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптар, әкімшілік құқық бұзушылық тәжірибе сұрақтары, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды тіркеу бірыңғай автоматтандырылған жүйеде жұмыс жасау сұрақтары түсіндірілді.
Бұдан бөлек, жұмысқа қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті атқару барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу туралы жазбаша ескертулер беріледі. Заң талаптарын бұзудың алдын алу, болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге кірістері, шығыстары, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері туралы мәліметтерді уақытылы тапсыру міндеттері қойылған.
Мемлекеттік қызметшілер арасында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, лауазымды тұлғалардың қолданыстағы қылмыстық әрекеті (әрекетсіздігі) үшін жазаның бұлтартпаушылығы, оның ішінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның мөлшерлестігі қағидатын сезінуі үшін қаланың аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне бару ұйымдастырылып отырады.

Ерлан Ұзақбаев
Қызылорда облысының СЭБД басшы міндетін атқарушы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: