Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жатқан жемқорлықтың жолына батыл тосқауыл қойып, оның зардаптарын жою бүгінгі күннің міндеті.
Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Заңның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, жолын кесу, кінәлілерді жауапқа тарту, сонымен бірге жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді жəне Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бағытталған. Осы заңмен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметін үйлестіретін тиісті уəкілетті орган анықталды. Бұл – мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық бірлестіктер жəне басқа да жеке жəне заңды тұлғалар болып табылады. Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық парызы.
Қолғанат Задаев,
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының аға сот приставы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!