Сенбі, 28 желтоқсан, 00:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сынған терезелер, шашылған матрастар: Ақкенттегі оқиға орнының қазіргі жағдайы

02.08.2023

613 0

Алматыда кеше кешке 16 қабатты Ақкент тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға орнының бүгінгі жағдайы Massaget.kz тілшісі материалында.

Оқиғадан кейін Ақкент тұрғындары қатты шошып қалған. Олардың сөзінше, мұнда 96 пәтер бар, шамамен 250-300 адам тұрады.

РЕКЛАМА
Ал бүгін үйдің алдында полиция көлігі тұр. Кейбір тұрғындар кешегі оқиғадан кейін заттарын алып көшіп жатыр. Олардың сөзінше, үйге зақым келмегенімен, түтін кірген.

Кейбір тұрғындар ашық алаңда, көк шөпте отыр. Қазір тексеріс жүргізіліп, әкімдік өкілдері тұрғындарды тұратын жері бар-жоғына қарай тіркеп жатыр.

Кеше өрт шыққан аумақта шашылған аяқкиімдер, матрастар көрінеді.

Сондай-ақ, пәтерлердің терезелері сынған. Жерде әйнектер де шашылып жатыр.

Ал тұрғындарға арналып, №178 мектептің спорт залы жасақталған. Кеше тұрғындар оқиға болған үйге түнемеген. Кейбіреулер туыстарына, жақын маңдағы дүкендерге, көліктеріне қонып шыққан.

Айта кетейік, бұл ауданда әлі де жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр.

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол – өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: