Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды. Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған» деген еді.
Осы орайда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 1990 жылдан бері дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы жұмыс істеп тұрғанын атап айтар едім. Қазір сол шәкірттер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ғылым кандидаттары бар. Сыр бойындағы Жыраулар үйінде, аудандық музыка мектептерінде де арнайы сыныптар ашылған. Сонымен бірге музыкалық колледжде де бөлім ашылды. Биыл менің үш шәкіртім PhD докторына түсті. Олар Күнсұлу Түрікпен, Акерке Дабылова, Малика Алдамжарова. Бұл өнердің тек орындаушылық қана емес ғылыми ағартушылық жолына бағыт алып келе жатқанын көрсетеді. Ұлттық құрылтай ел бірлігін бекемдеп, ұлысты ұйытып, халыққа береке мен бірлікті үндеген жиынға айналды. Құрылтайдан кейін елеулі саяси өзгерістер болатынына сенеміз.
Алмас АЛМАТОВ,
жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!