Ерекше баласы бар ата-аналар мен мүгедектігі бар әйелдер – қоғамның қолдауын қажет ететін санат өкілдері. Аталған топтағы азаматтарға тұрақты көмек көрсетіп, өмір сүру сапасын жеңілдету – Сіз бен біздің алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі. Осы мақсатта Орталық Азияның Евразия қоры (ОАЕҚ) Citi қорының қолдауымен, әлеуметтік қорғанысты арттырып, қауіпсіз баспанаға қолжетімділікті кеңейтуді көздейтін әлеуметтік жоба өз жұмысын бастады.
Еліміздің бірнеше аймағы және Сыр өңірінде жүйелі негізде іске асыруды көздейтін жобаның басты мақсаты – тұрғын үй қолдауына көзқарасты өзгерту және осал топтар үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Бұл жоба мүгедектігі бар әйелдер, ерекше баласы бар ата-аналар және қауіпсіз әрі тұрақты баспана ұғымына сай келмейтін жағдайда өмір сүріп жатқан азаматтар үшін аса маңызды.
Қазіргі таңда үй кезегінде тұрған қазақстандықтар саны – 651 мыңнан асса, оның ішінде 56,8 мыңы I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар, 25,6 мыңы мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Арнайы санаттағы азаматтар үй кезегінің жылжымауы мен баспана алуда туындайтын қиындықтардың салдарынан жылдар бойы пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Мұндай жағдайда аталған жобаның ақпараттық ғана емес, баспанасыздық және тұрғын үй осалдығымен жұмыс істеу үшін қаржылық және білім беру бағытында да тұрғындарға берері мол.
«Omirlik maqsat» – бұл жәй ғана жоба емес. Бұл тұрғын үй саясатын адам құқықтарына, иллюзияға және қадір-қасиетке баса назар аудара отырып, қайта құру әрекеті. Қоғамның әр мүшесіне баспана қолжетімді болуына тікелей бірден-бір мүдделі орта. Аталған жобаны Сыр өңірінде «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі жүргізіп, бірнеше бағытта жұмыс жасамақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!