Сәрсенбі, 21 қаңтар, 19:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№5 (2217)
21.01.2026
PDF мұрағаты

Сыр елінің денсаулық сақтау саласы жаңа тыныс алды

21.01.2026

43 0

Фото: gov.kz

Қызылордада 500 орындық емхана, 200 орындық перзентхана құрылысы басталады. Бұл туралы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.


Қазіргі таңда облыс орталығында 36,4 млрд теңгеге 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, 5,4 млрд теңгеге төрт ауданның орталық аурухана жанынан қосымша ғимараттар салынды. Медициналық инфрақұрылымды одан әрі дамыту мақсатында Үкімет Қызылордада 48,5 млрд теңгеге 200 орындық перинаталдық орталық және 14,78 млрд теңгеге 500 орындық емхана салу жөнінде қаулы қабылдаған. Бұл нысандардың да құрылысы жақын уақытта басталады.


«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыстың барлық аудандарында 10 млрд 763 млн теңгеге 28 медициналық нысан салынған. Бұл ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
– Қазір Қызылорда облысында, әсіресе, әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. – деді Мемлекет басшысы


Сонымен бірге Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып, жалпы жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болатынын. Бұл әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі екенін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: