Сәрсенбі, 26 наурыз, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21,2134
23.03.2025
PDF мұрағаты

Сыр мешіттерінде Наурыз тойланды

24.03.2025

145 0

Фото: Ақмешіт Сырдария мешіті

Сыр мешіттерінде Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті.

Нақтырақ айтар болсақ, облыс көлеміндегі мешіттерде ауызашарға жиылған жамағатқа наурыз дәмі ұсынылып, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы насихат айтылды, спорттық жарыстар өтті, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді.

Қалалық “Хазірет Осман” мешітінде ұйымдастырылған Наурыз тойына облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы бастаған қала мешіттерінің имамдары мен жамағаты қатысты.

Шарада “асық ату”, “арқан тарту”, “ләңгі тебу”, “қол күрес”, “гір тасын көтеру” секілді спорттық сайыстар өткізіліп, 200 адамға ауызашар дастарқаны жайылды, наурыз көже таратылды.

Сондай-ақ Бас имам Дастан Жанасұлы аталмыш мешітте “Намаз оқудың сауабы мен дәрежесі” тақырыбында тарауық уағызын айтып, жамағатпен бірге тарауық намазын оқыды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: