Топ-баннер2

Жұма, 13 наурыз, 22:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды

13.03.2026

54 0

Фото: Жалпұлттық коалиция өкілдері


Қызылорда қаласында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері өңір тұрғындарымен және түрлі сала өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Іс-шараларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мақсат Толықбай, Нартай Сәрсенғалиев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова қатысты.

Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды
Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды


Кездесулердің бірі «Қызылорда-Нан» ЖШС өндірістік кешенінде өтті. Оған бизнес қауымдастығының 70-тен астам өкілі қатысты. Басқосу барысында қатысушыларға ұсынылып отырған Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беріліп, кәсіпкерлік қызметке қатысты нормалар талқыланды.

Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды
Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды


Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов өз сөзінде Конституция жобасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы және заң үстемдігі мәселелеріне қатысты нормалар қамтылғанын айтты.

Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды


Ал депутат Мархабат Жайымбетов Негізгі заңдағы өзгерістер кәсіпкерлік қызмет үшін құқықтық орта мен экономикалық қатынастарды реттейтін негізгі қағидаттарды айқындайтынын атап өтті.
Кездесу барысында кәсіпкерлер өндіріс саласындағы еңбек жағдайлары, мемлекеттік қолдау шаралары және өңірлік экономиканы дамытуға қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді.
Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы жаңа автовокзал ғимаратында көлік саласының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға 70-тен астам жүргізуші, диспетчер және көлік кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды
Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды


Бұл кездесуде де Конституция жобасының негізгі ережелері және оның еңбек жағдайлары, әлеуметтік кепілдіктер мен көлік инфрақұрылымының дамуына ықтимал әсері талқыланды. Депутаттар құжаттағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару мәселелеріне қатысты нормалар туралы түсіндірме берді.
Көлік саласының қызметкерлері өз кезегінде саланың даму перспективалары, еңбек жағдайларын жақсарту және инфрақұрылым мәселелері бойынша пікірлерін ортаға салды.
Сала ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Шәменов көлік саласының даму тәжірибесіне тоқталып, инфрақұрылым сапасының маңызы туралы пікірін білдірді.
Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды
Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды
Сыр өңіріндегі сапарында Жалпұлттық коалиция өкілдері өңір кәсіпкерлері және көлік саласы өкілдерімен Конституция жобасы талқыланды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: