Сейсенбі, 21 қазан, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Сыр спортшылары пара пауэрлифтингтен әлемдік жарыста үздік атанды

21.10.2025

45 0

Жуырда Мысыр елінің астанасы Каир қаласында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен пара пауэрлифтингтен Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті.

Бұл дүбірлі додада Сыр елінің мақтаныштары Фариза Төлжан ересек әйелдер арасында 50 кг салмақ дәрежесінде үш тәсілдің қорытындысы бойынша 285 кг нәтижемен Әлем чемпионы атанды. Ал жасөспірімдер арасында сынға түскен Снежанна Бойко 41 кг салмақ дәрежесінде 74 кг көтеріп, Азия және Әлем рекордын жаңартып, қатарынан екінші рет Әлем чемпионы атанды. Жарыс қорытындысы туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында пауэрлифтингтен облыстың аға жаттықтырушысы Бақытбек Рысбаев, екі дүркін Әлем чемпионы Снежанна Бойко және Әлем чемпионы Фариза Төлжан мәлімдеді.

Сыр спортшылары пара пауэрлифтингтен әлемдік жарыста үздік атанды

– Мысыр елінде өткен бұл чемпионат өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар арасында бәсеке қызу болды. Соған қарамастан біздің спортшылар өздерін өте сенімді көрсетті. Фариза мен Снежанна – еңбектің, төзім мен жігердің үлгісі. Олардың бұл жетістігі тек Қызылорда облысы үшін емес, бүкіл еліміз үшін үлкен мақтаныш. Біз алдағы уақытта да дайындықты күшейтіп, спортшыларымызды Паралимпиада ойындарына дайындау бағытында жүйелі жұмыс жүргіземіз,-деді Бақытбек Болатұлы.

Сыр спортшылары пара пауэрлифтингтен әлемдік жарыста үздік атанды

– Әлем чемпионатына дайындық өте жауапты кезең болды. Біз күн сайын жаттығып, әрбір сәтке үлкен жауапкершілікпен қарадық. Бұл жеңіс – менің ғана емес, бапкерлерімнің, командамның және барша жанкүйерлердің еңбегінің нәтижесі. Чемпион атану – үлкен мәртебе, бірақ одан да маңыздысы – еліміздің көк байрағын әлемдік аренада желбірету. Алдағы мақсатымыз – Паралимпиада ойындарында да жүлделі орыннан көріну,-деді Фариза Қалбайқызы.

Сыр спортшылары пара пауэрлифтингтен әлемдік жарыста үздік атанды

– Бұл менің спорттық жолымдағы ең есте қаларлық жарыстардың бірі болды. Қатты толқыдым, бірақ жаттықтырушым мен құрамадағы спортшылар қолдауы күш берді. Әлем және Азия рекордын жаңарту – мен үшін үлкен жетістік әрі жауапкершілік. Осындай жеңістер арқылы біз еліміздегі пара спорттың дамып келе жатқанын дәлелдейміз. Алдағы уақытта өз нәтижемді одан әрі жақсартып, жаңа рекордтар орнатуға тырысамын,-деді Снежанна Евгеньевна.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: