Сәрсенбі, 27 қараша, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Сыр ұландарын әскерге шығарып салу рәсімі өтті

13.04.2024

810 0

Отан қорғауды өздерінің қасиетті борышы санайтын жастардың кезекті легі әскерге аттанды. Әскерге шығарып салу іс-шарасына облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен сарбаздардың ата-аналары жиналды.

Қызылордадан әскер қатарына шақырылушы 12 азамат Астана қаласындағы 0112 әскери бөлімі Күзет қызметінде Отан алдындағы борышын өтемекші.

Айта кету керек, биыл облыс бойынша 800-ге жуық сарбазды әскерге аттандыру межеленген. Оның ішінде, қаладан 240-қа жуық азамат Ұлттық Ұлан, Шекара қызметі, Мемлекеттік Күзет қызметі және Қарулы күштер қатарында Отан алдындағы борышын өтейтін болады.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны шілде айының соңына дейін жалғасады. Әскер қатарына 18 мен 27 жас аралығындағы азаматтар шақырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: