Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сырбойылық студенттердің мерейі асқақ

16.11.2022

743 0

17 қараша – Халықаралық студенттер күні. Бүгінде білімі мен шығармашылық өнерін ұштастыру арқылы биіктерді бағындырып жүрген сырбойылық студенттер аз емес. Студенттердің төл мерекесіне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан студенттер Альянсының» Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Сабыржан Қуандық аталмыш ұйымның атқарған жұмыстарына тоқталды.

– Қазақстан студенттер Альянсы ұйымы – жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге және кәсіби бағыт-бағдар беруге ықпал ететін алдыңғы қатарлы республикалық ұйым болып табылады. Қазіргі таңда облыстық штабқа қарасты 3 бөлімше жұмыс істейді. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде және Қызылорда медициналық жоғары колледжінің белсенділерінен құрылған топ өкілдері студенттердің әртүрлі бағытта дамуына өз үлестерін қосуда. Біздің ұйымда 150-ге жуық студент мүше ретінде тіркелген. Белсенді жастардың қатысуы мен жыл басынан бері 200-ден астам мәдени-көпшілік, спорттық, интеллектуалдық шаралар өткізілді, – деді ұйым төрағасы Сабыржан Қуандық.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті, «Халық» республикалық газетінің тілшісі Ердәулет Қалиев пен М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Диляра Ақылбек өздерінің жеткен жетістіктерін баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

– Жақында өткен Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауына қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған студенттер арасында бірінші орынға ие болдым. Одан бөлек түрлі байқаулар мен ғылыми жобаларда жеңіс төрінен көрдім. Осындай мүмкіндіктерді сыйлаған университеттегі барша ұстаздарыма алғыс білдіремін, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Ердәулет Сәрсенұлы.

Қазіргі таңда біздің колледжде жас студенттерді қолдауға арналған ауқымды шаралар жиі өткізіледі. Соның бірі – жақында өткен қайырымдылық шарасында колледж студенттері өздері дайындаған тағамдарын сатып, жиналған қаржы көмекке мұқтаж жандардың игілігіне жұмсалды. Одан бөлек, «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымы еркін форматта бас қосулар ұйымдастыру арқылы білім алушылар уақыттарын тиімді пайдаланады. «Жас толқын» шығармашылық ұйымы да студенттердің шығармашылыққа бейімділігін одан әрі дамытуға бағытталған ұйым. Мінекей, біздің колледжде осындай ұйымдар арқылы студенттер жан-жақты дамуда. Барша студенттерді мерекелерімен құттықтаймыз!, – деді М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті Диляра Ақылбек.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: