Сейсенбі, 28 қазан, 12:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Сырбойылықтар «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының лауреаттары Әбсадықовтар отбасын салтанатты түрде күтіп алды.

28.10.2025

43 0

Әбсадықовтар әулетінің отағасы Жақсылық Дүйсенбайұлы Әбсадықов – 1943 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен ардагер. Ол «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісінің иегері, сондай-ақ «Сырдария ауданының әлеуметтік-экономикасының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін» ауданның 90 жылдық мерекелік медалімен марапатталған.

Бүгінде Әбсадықовтар отбасының құрамы 6 бала, 29 немере мен 47 шөбереден құралған үлкен әулетке айналып отыр. Отбасы мүшелері түрлі салаларда адал әрі тынымсыз еңбек етіп келеді.

Әбсадықовтар отбасы ұрпақтар сабақтастығын, еңбектің қадірін және отбасылық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан өнегелі әулет. Олардың адал еңбегі мен бірлігі өзге отбасыларға үлгі болып, ел руханияты мен еңбек мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: