Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 22:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Сырдан жеткен сый

13.09.2022

800 0

Күз – қашаннан тоқшылық пен молшылықтың мезгілі. Егін даласында ерте көктемнен ала жаздай білек түре еңбек еткен егіншілер осы қоңыр күзде төккен тердің жемісін көреді. Бүгінде «Елде болса, ерінге тиеді» дегендей, өңір диқандары жаз бойғы еңбектерінің нәтижесін елордалықтарға да паш етуді дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тапты.

Кешегі сенбі-жексенбіде елордалықтар көптен күткен жақынын қарсы алғандай арқа-жарқа болып қалды. Елдің дәмі… Осы бір ауыз сөз жүректі елжіретіп, елді сағынған қалалықтардың мауқын басқандай. Әйтпесе қай жерде де тағамның түр-түрі көп қой. Алайда ауылды сағынып, туған топырақты аңсайтын қалалық ағайынға елдің дәмінің орны бөлек.

Содан да болар, кешелі бері әлеуметтік желі жәрмеңкеге асыққан елордалықтардың ықыласына толды. Сырбойылықтар да бар тәттісін баласына сақтаған анадай, елдің дәмін үйіп-төгіп апарды. «Астана Арена» спорт кешенінің жанында ұйымдастырылған шараға 500 тоннадан астам өнім түрлері ұсынылды.

Жәрмеңкенің бір ерекшелігі облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында елордалық жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды. Сыр диқандары мен кәсіпкерлері Нұр-Сұлтан қаласына  50 жүк автокөлігімен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын өнім жеткізді. Арқа жұрты Сырдың брендіне айналған ақ күріш, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызына қызығушылық танытты.

Екі күнге созылған жәрмеңкеден елден жеткен өнімдерді таласа-тармаса алған елордалықтар Сыр өнерпаздарының концертін де тамашалап, риза болды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: