Бүгін сағат 12-ден 33 минут өткенде Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі, Б. Өтепов көшесіндегі №9 үйдің ауласында, ауданы 10х15 шаршы метр болатын жергілікті материалдардан салынған мал қора өртенді. Салдарынан 2 бас ірі қара мал және 11 бас уақ мал өртеніп кетті. Қазіргі таңда өрт оқиғасының шығу себебі анықталуда.
Аталған өрт оқиғасына Сырдария ауданындағы №12 өрт сөндіру бөлімінен 1 автокөлік пен 5 қызметкер жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде адам шығыны болған жоқ және жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға зиян келмеген.
Айдос Оспан
Қызылорда облысының
ТЖД “ Өрт сөндіру және авариялық – құтқару
жұмыстары қызметі” РММ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!