Түркістан облысындағы Сырдария өзенінде он бір адам батып кеткен. Бұл туралы Otyrar.kz порталы хабарлайды.
Сегіз адамның денесі табылды. Олардың үшеуі кәмелетке толмаған. Қалған үш адамды іздеу әлі де жалғасуда.
Олар жол көпірінің жанында шомылу үшін белгіленбеген жерде батып кеткен.
Адамдарды іздеу үшін 144 адам, 16 бірлік техника, алты жүзу құралы және дрон жұмылдырылды.
Облыстық ТЖД-да жедел штаб құрылған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!